«Ұлы Шәмші ағамыз Шәуілдірде туылған. Ордалы Оңтүстіктің тумасы. Облыста ұлы сазгердің атында көше бар. Ескерткіш орнатылды. Облыстық филармония Шәмші Қалдаяқов атында. Жыл сайын әр-түрлі шаралар өтіп тұрады. Оңтүстік Қазақстан облысының басшысының қолдауымен» — деді Қалдыбек Құрманәлі баспасөз мәслихатында. Түсірілуі 20 жылға созылған осынау фильмде Шәмші өмірінен жазып алынған құнды кадрлар бар. «Вальс патшасының» жанында оның күнделікті өмірін бейнетаспаға түсірген Тілеген Ахмет — осы фильмнің режиссері. 1991 жылы басталып, кейін түрлі себептермен түсірілуі тоқтаған деректі лента 2011 жылы монтаждалған. Кейбір бөліктері ғана көрермен назарына ұсынылған.
Фильмнің түсау кесер рәсімінде көп жылдар бойы ұлы сазгердің асыл мұрасын жинап, насихаттап жүрген шәмшітанушы азаматтардың бірі Қалдыбек Құрманәліге, облыс әкімі аппарат басшысының орынбасары-баспасөз қызметінің басшысы Берік Уәли, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің алғыс хатын табыстады.
Жебе-ақпарат
Следующий