АЛТЫНОРДА
Новости

ШОТЛАНДИЯ ТӘУЕЛСІЗДІК СҰРАДЫ

Ұлыбритания Қаржы министрі Джордж Осборн мәлімдегендей, егер Шотландия 18 қыркүйекке жоспарланып отырған референдум кезінде «тәуелсіздігімізді аламыз» деген ниеттерінен бас тартса, оларды экономикасы жағынан дербестікпен қамтамасыз ететін жоспар ұсынбақ. 

Бұл туралы РИА Новости хабарлады. Бұрынырақта мәлім болғандай, Шотландияның Құрама патшалықтан бөлек шығу-шықпауы әлі екіұдай. «Егер референдум кезінде Шотландияның егемендік алғанына қарсы дауыс көп болса, ондай жағдайда оларға салық саласы бойынша көбірек өкілеттік беріліп, қаржыны жұмсауда және әлеуметтік қамсыздандыру саясатында бірқатар тиімді шарттар жасалмақ. Бұл шешім референдум біздің пайдамызға шешілген күні күшіне енеді», — дейді Джордж Осборн ВВС телеарнасында берген сұхбатында.

Бұл бағдарлама британдық парламенттің негізгі үш партиясымен келісіп жасалыпты. Министрдің бұл мәлімдемесі YouGov қызметі мен Sunday Times газеті жүргізген сауалнамадан кейін жария болды. Сол сауалнамада Шотландияның тәуелсіздігіне дауыс бергендер 51 пайызды құраса, қарсы тарап респонденттері 49 пайыз. Егер тәуелсіздікті жақтаушылар басым түссе, 2016 жылдың 24 наурызынан бастап бұл ел Құрама патшалықтан бөлініп шығуға құқылы. Ал Ұлыбритания билігі «мұндай шешім екі жаққа да еш пайда әкелмейді» деп санайды.

Tengrinews.kz.

Дуанабай Жолдасбек

http://www.aikyn.kz/articles/view/56845