АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

ШЫМКЕНТТЕ ГАНДБОЛДАН ЖАРЫС ӨТУДЕ

e213534406f5e673030b12a49a117407_xlШымкентте гандболдан жоғары дивизионның 8 командасы сынға түсуде. Қазақстан чемпионатында оңтүстіктің намысын «Қазығұрт» командасы қорғайтын болады. Бұл ел біріншілігінің алғашқы тур ойындары. Алда әлі төрт ойын бар. Шымкенттіктер бірінші ойынын Қарағандының гандболшыларымен өткізді. Нәтижесінде 44:18 есебімен жерлестеріміз жеңіске жетті. Келесі ойын қостанайлықтармен өтеді. Гандболдан ҚР чемпионатының бірінші туры 14 қазанда аяқталады.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі