Астана. 10 наурыз. Baq.kz – Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай 20 наурыз күні ұлыстың ұлы күніне арналған республикалық Наурыз айтыс өткізілмек.
Республикалық «Наурыз» айтысы алғаш рет 2004 жылы ұйымдастырылып, содан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Бұл жылғы аламан айтысқа Сара Тоқтамысова, Айнұр Тұрсынбаева, Мұхтар Ниязов, Әсем Ережеқызы, Мақсат Ақанов, Қанат Мырзахан, Бекарыс Шойбеков, Біржан Байтуов, Қажымұқан Абзалов, Нұрлан Есенқұлов т.б елімізге белгілі ақындар қатысады деп жоспарланып отыр.
Айтыс 20 наурыз күні Шымкенттегі «Түркістан» сарайында өтеді.
http://baq.kz/kk/news/61987