1990 жылдың ақпан айының басы болатын. Сол кездегi Бiлiм министрi, қазақтың қайраткер азаматы Шайсұлтан Шаяхметовтiң көмекшiсi қызметiн атқарамын. Бiр күнi әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiнiң жанынан “Қазақ университетi” атты баспа ашылып, оған директорлыққа танымал қаламгер, баспагер Серiк Әбдiрайымұлы тағайындалатын болды. Сол үшiн ол кiсi министрлiктiң алқа мәжiлiсiне шақырылды. Секең аман-саулықтан соң асығыс екенiн, бiр кiсiмен кездесуге уәде берiп қойғанын айтып, өз мәселесiн күн тәртiбiнiң алдыңғы кезегiнде жылдамырақ өткiзiп жiберуiмдi өтiндi.
Ыбырай Жақаев – күрiш өсiруде тамаша табыстарға жеткен атақты диқан. Екi рет Социалистiк Еңбек Ерi атағын алды. Мен ол кiсiнi Алматы облысына шақырдым. Мұны өз кiтабымда ұмытып кетiппiн. Қосу керек екен. Ыбекең жарықтық жақсы адам едi. Иманы саламат болғай. Өзi де, сөзi де мығым едi. Ел арасындағы: “Жұрттың iшiне пышақ айналмайды, ал Қонаевтың iшiнде ерттеулi ат айналып шауып жүредi”, – дейтiн әңгiме де осы кiсiден қалған. Ыбекең Алматы облысының Балқаш ауданындағы кең алқаптарға күрiш егуде, бүкiл Ақдала аймағын күрiш өсiретiн құтты мекенге айналдыруда көп үлес қосты.