АЛТЫНОРДА
Новости

Сирия ұшақтары экстремистерді бомбалады

Сирия құқық қорғаушылары «үкімет авиациясының «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымының Ракка қаласындағы позицияларына әуеден соққы бергенін» хабарлады. Бұл қала Сирияның солтүстік-шығысында орналасқан.

Әуе шабуылынан кем дегенде 25 адам — содырлар мен бейбіт тұрғындар қаза тапқан. Бұл туралы Ұлыбританияда орналасқан Сирия адам құқықтары орталығы 6 қыркүйек күні хабарлады.

SANA мемлекеттік ақпарат агенттігі Ракка қаласында экстремистерге қарсы әскери операция өтіп жатқанын растады. Агенттіктің ақпаратына қарағанда, әуе шабуылы кезінде «Ислам мемлекеті» ұйымының оқ-дәрі қоры мен қару-жарақтары жойылған.

«Ислам мемлекеті» ұйымы кейінгі айларда Сирияның солтүстігі мен Ирактың батыс және солтүстік аймақтарында белсенді ұрыс жүргізіп жатыр.

http://www.azattyq.org/archive/news/20140907/330/330.html?id=26570930