Сирия аумағына өтіп кетпекші болған Қырғызстанның оңтүстігінің тумасы түрік-сириялық шекарада ұсталды, деп хабарлады КирТАГ республика құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап.
«Құқық қорғау органдарына 55 жастағы әйел 23, 22 және 20 жас аралығындағы үш қызы мен төрт жастағы немересін алып, Сирияға кетті деген ақпарат келіп түсті. Оларды өз шекарамыздан ұстау мүмкін болмады, әйел түрік әріптестеріміздің жәрдемінің арқасында ұсталды», — деп хабарланды дереккөзден.
Оларды түрік-сириялық шекарада қолға түсірген.
Алдын ала ақпаратқа сәйкес, Сирияға әйел ұлы әскери қақтығыстан қаза тапқаннан кейін сол жаққа кеткен отағасына қосылу үшін бармақшы болған. Бұл ретте дереккөз, жас әйелдерің бірі тұрмыста екенін атап өткен. Ол өзінің кішкентай қызын ертіп, күйеуіне ескерпей, Сирияға кетіп қалған.
http://www.inform.kz/k