[:kz]
Баспанасына бомба түсіп, үйінділер арасынан аман қалған сириялық балақайдың суреті бүкіл әлемге таралып кетті. Бет-жүзін қан жуған бейкүнә сәбидің бұл суретін журналисттер қауымы Сириядағы сұмдықтың символы ретінде бағалап отыр.
Суреттегі балақай Алеппо тұрғыны Омран Дакниш екені анықталған. Бес жасар Омранның суретін The Telegraph баспасының тілшісі Раф Санчес өзінің Твиттер парақшасында жариялаған көрінеді.
Аталмыш сурет аз ғана ішінде күллі әлемге таралып кеткен. Сириялық белсенді топ мүшелері де осы сурет арқылы әлем назарын Сириядағы сұмдықтарға аударуға тырысып бағуда.
http://www.muslim.kz/
[:]