АЛТЫНОРДА
Новости

«Софроний үйінен» бір аптада алты бала кетті

ннннАлматы облысы Іле аудандық білім бөлімінің «Софронийдің паналау үйіндегі» балаларды тартып алу туралы талап-арызы бойынша сот өтіп жатқан кезде білім беру бөлімі алты баланы алып кетті.

Софронийдің балалар мен қарттар паналайтын баспанасындағы балалар. Алматы облысы, Іле ауданы, 3 қыркүйек 2013 жыл.

Софронийдің балалар мен қарттар паналайтын баспанасындағы балалар. Алматы облысы, Іле ауданы, 3 қыркүйек 2013 жыл.

Қарашаның 22-сі күні жеке меншік паналау үйінен 130-ға жуық баланы мемлекеттік балалар үйіне күшпен беру туралы талап-арыз бойынша басталған соттың екінші күні «Іле ауданы билігі паналау үйінің үш тәрбиеленушісін мектептен алып кетті» деген хабар түсті. Бұл хабар әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, азаматтық белсендіАружан Саин да алаңдаушылық білдірген.

Әңгіме — Іле ауданы Түймебаев атындағы кенттегі Сергий Радонежский атындағы шіркеу жанындағы православ паналау үйі мен жергілікті биліктің арасындағы жанжал жайында. Бұл қақтығыс осы аптада тәрбиеленушілерді мемлекет қарамағына күшпен тартып алу әрекетіне ұласты. Софроний үйінің тәрбиешісі Наталья Николаеваның Азаттық тілшісіне айтуынша, қарашаның 22-сі күні ол мекеменің үш баласын демалысқа алып кету үшін «Жанұя» арнайы мектебіне келген. Олар – екінші, үшінші және бесінші сыныпта оқитын Евгений Илезанов, Алексей Поляков және Алексей Темірбаев. Бірақ мектеп директоры Алматы облысы Іле ауданы әкімдігінің қаулысын көрсетіп, балаларды сабақтан соң алып кетуге рұқсат бермей қойған. Бір сағаттан кейін Николаеваға «балаларды аудандық білім беру бөлімі алып кетті» деп мәлімдеген.

Жергілікті шенеуніктер бұл хабарды растайды. Іле аудандық білім беру бөлімінің өкілі Ғалия Дүйсембаеваның айтуынша, «Бөлім қызметкері Махаббат

Аудандық білімі бөлімі қызметкерлері Махаббат Ишанғалиева (сол жақта) мен Ләззат Кәткеева. Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр кенті, 3 қыркүйек 2013 жыл.Аудандық білімі бөлімі қызметкерлері Махаббат Ишанғалиева (сол жақта) мен Ләззат Кәткеева. Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр кенті, 3 қыркүйек 2013 жыл.

Ишанғалиева екеуміз балаларды «Жанұя» мектебінен заңды негізде алып кеттік. Өйткені қамқоршылық функциясы білім беру бөліміне жүктелген. Ал паналау орны бүкіл баланы заңсыз ұстап отыр. Онда тұрып жатқан барлық баланы қамқорлыққа алу құқығы біздің білім беру бөліміне берілген. Біз алып кеткен үш баланы енді Талдықорған қаласындағы Алматы облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына апарады».

Осы аптаның ішінде балалар мекемесінен тағы үш бала кеткен. Қарашаның 20-сы күні 10 жастағы Наталья Троневаның осы «Жанұя» мектебінен білім беру бөлімі қызметкерлері алып кеткен. Сол күні кешке оны және паналау үйінен қаышып кеткен күні ұсталған оның ағасы Виктор Тронев пен 10 жастағы Александр Ивановты Іле аудындық білім беру бөлімі қызметкерлері Талдықорған қаласындағы Алматы облысының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына апарып тапсырған.

Қарашаның 21-і күні Алматы облысы Іле аудандық сотында аудандық білім беру бөлімінің «Софронийдің паналау орнына» қарсы талап-арызы бойынша сот процесі басталған. Талапкер паналау мекемесіндегі 130-ға жуық баланың ішіндегі тұлдыр жетімдерді балалар үйлеріне, ал қалғандарын қамқоршыларына тарату үшін биліктің қарамағына беруді сұрайды. Паналау мекемесі қызметкерлері «біздегі балалардың тұрмыс жағдайы балалар үйіндегі немесе шарасыздықтан балаларын осында өткізген әке-шешелерінің үйіндегі жағдайдан артық болмаса, кем емес» деп есептейді.

Балалар үйін Софроний әкей (азаматтық аты-жөні – Петр Евтихеев) басқарады. Ресей азаматы Софроний Қазақстанда 1991 жылдың аяғынан бері тұрады. Ол Сергий Радонежский ғибадатханасын, 120 қарт пен мүгедек паналап отырған қарттар үйін де басқарады.