Стамбұл полициясы өздерін «н» құрушылармыз деп мәлімдеушілердің балаларға арналған орталығын анықтады. Оқу-жаттығу әрі алдын алу шаралары кезінде тәртіп сақшылары күдікті көрінген нысанды тексеруге көшкен. Нәтижесінде, Өзбекстан мен Тәжікстаннан әкелінген балаларды ондаған баланы терроризмнің қанды әрекеттеріне үйретіп жатқан лаңкестер ұясы бұзылды.
Жуырда Анкарадағы 97 адамның өмірін жалмаған лаңкестік әрекеттен кейін Түркиядағы құқық қорғау органдары ел ішінде ауқымды тексеру шараларын бастаған болатын. Тікұшақтарды қосқан операция нәтижесінде Стамбұлдың Пендик ауданында Өзбекстан мен Тәжікстанның 53 азаматы құрықталаған. Олардың 29-і ересектер болса, 24-і кәмелеттік жасқа толмағандар. Радикалдық бағыттағы ДАИШ өкілдерінің базасында әскери жаттығулардан өтіп жатқан олар Сирия мен Иракқа барып, «Ислам халифатын құрушыларға» қосылуды көздепті. Сорақысы сол, балалар арнайы мектептерде білім алып, әскери лагерьлерде қару-жарақты жетік меңгерудің жолдарын меңгере бастаған. Олардың барлығы полиция бөлімшелеріне тапсырылды. Құзырлы органдар дәл осындай нысандардың әлі де бар екенін жоққа шығармайды.
Нәзия Жоямергенқызы
http://turkystan.kz/