АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Тайрға Алматыны Ресейге қосуға кім рұқсат етті?

271413Жақында ресейлік «Голоса большой страны» фильмінің тизер-трейлері көрсетілген болатын. Бұл фильмсымақ сол қысқа көрінісімен-ақ мыңдаған қазақстандықтардың көңіліне қаяу салды. Фильмде Алматы қаласы Ресейдің бір бөлігі деп аталған.

Бұл фильмсымақтың режиссері 1981 жылы Әзірбайжан КСРО-да дүниеге келген. Ұлты әзірбайжан болғанымен, әбден орыстанған, дәлірек айтқанда ұлттсызданған біреу. Ол фильмінде қазақстандық Алматыны, грузиндік Тбилисиді, армяндық Ереванды, беларустық Минскіні «бір үлкен елдің» бір бөлігі деп атаған. Ресейлік Санкт-Петербург, Екатеринбург, Новосибирск, Краснодар, Уфа, Пермь, Казань, Нижний Новгород және Мәскеу сияқты қалаларды атай келіп, олардың қатарында Ресейдің тағы мынадай қалалары бар деп әлгі өзге елдердің қаласын да өздеріне қосып алған. Туған шешесі армян Тайыр сөйтіп өзінің нағашы жұртын да қиналмастан Ресейге қоса салыпты. Өзі орыстанып кеткен соң, нағашы жұртым да сондай деп ойласа керек…

«В каждом уголке нашей огромной родины есть талантливые люди, достойные признания и славы. Они слетаются в столицу и принимают участие в популярных телевизионных шоу. Но свет софитов гаснет, а жизнь продолжается. И не так, как им это виделось», – деп көкиді кадрдағы дауыс.

Теле жүргізуші болып жүре бермей, кино түсіріп жұртты осылай шулатқан есерсоқтың фильмі 2016 жылдың 7 қаңтарында прокатқа шығады екен. Бұл картинаның бюджеті 120 миллион рубль тұратыны да көңілге көп күмән салады. Сонда Ресей үкіметі бұл фильмсымақты қолдап отырғаны ма, әйтпесе, жай теле жүргізуші мұндай қаржыны қайдан алады? Менің ойымша Қазақстан да, қалған елдер де Ресейге наразылық нотасын жолдауы тиіс.

Қанат НҰРТАС

«Шын ақпарат»