Шілде айынан бастап Беларусь дүкендерінде темекі өнімдерін ашық сатуға тыйым салынады. Бұл туралы осы елдің сауда министрінің орынбасары Ирина Наркевич мәлімдеді. Енді сауда мен тамақтану орындарында халық шылымды, оның қорабын көрмейтін болады.
Темекілер туралы ақпарат тек қағазға басылып, ілініп тұрады.
«Біз халықтың денсаулығын ойлаймыз, бірақ темекі шегушінің құқығын да шектемейміз, егер ол шылым тартқысы келсе, оның бұған құқы бар», — дейді Наркевич.
Былтыр Беларусьтен темекі өнімдерін сату алдыңғы жылмен салыстырғанда 9,4%-ға кеміген.
«1 шілдеден бастап барлық сауда орындарында темекіні ашық сату тоқтатылады, яғни адам шылымды, оның қорабын көрмейтін болады. Ол тек ақпараттық парақты ғана көрмек. Яғни атауы мен қанша тұратыны туралы мәлімет тұрады. Бұл жаңашылдықты Денсаулық сақтау министрлігі енгізіп отыр», — дейді Беларусь Республикасы Сауда министрінің орынбасары Ирина Наркевич.
BNews.kz