АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Темірлан АЛМАС.ӘКІМ ОРЫНБАСАРЫ ЕЛ АРАЛАУҒА ШЫҚТЫ

0006Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ерлан Айтаханов жақында жұмыс сапарымен өңірдің  теріскейіндегі Созақ ауданында болды. Ерлан  Қуанышұлы аудандық орталық ауруханада болып, денсаулық  сақтау  мекемесінің бүгінгі тыныс-тіршілігімен етене танысты.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ерлан Айтаханов Созақ ауданына барған сапарындаалдымен ауданда атқарылған жұмыстар жөніндегі жергілікті биліктің он айлық есебін  тыңдады. Одан кейін аудан жастарымен кездесіп, олардың жағдайларымен танысты, ой-пікірлерін тыңдап, ұсыныстарына  көңіл  бөлді. Облыс әкімінің орынбасары жастармен жеке жиын өткізді. Бұл жиынға жоғары оқу орындарын бітіргеннен кейін «Дипломмен ауылға», «Жұмыспен қамту -2020», «Жастар практикасы» бағдарламалары бойынша келіп, әртүрлі мемлекеттік қызметтерде еңбек етіп жүрген немесе аудан орталығынан өз кәсібін ашқан жас буын өкілдері қатысып, нақты ұсыныстарын айтты.

       Облыстық әкімнің орынбасары ауруханаға да ат басын бұрып, мұндағы жағдайды білді. Созақ аудандық орталық ауруханасы 2011 жыл пайдалануға берілген, содан бері жергілікті халыққа  қалтқысыз  қызмет етіп  келеді. Аудан аумағындағы 7 ауылдық аурухана мен 67 емдеу орнын біріктіретін  аудандағы денсаулық сақтау саласының негізгі мекемесі бір мезгілде 222 науқасты қабылдай алады. Аудан дамуының негізгі көрсеткіші – демографиялық өсім болып саналады. Өңір басшысының орынбасары жылына 1000-ға жуық сәби жарық дүние есігін ашатын перзентхананың  жағдайымен  танысты. 

  Ауыл  тұрғындары ауруханада жатып емделу мерзімін қысқарту есебінен, кезекті емделушілерді дер кезінде қабылдана бастағанын айтып, денсаулық сақтау мекемесінің қызметкерлеріне ризалықтарын  білдірді. Облыс  әкімінің   орынбасары Ерлан Айтаханов сапар барысында  дәрігерлермен өткен  кеңес  жұмысына қатысуға да уақыт тапты. Кеңесте айтылған сөздерге қарағанда денсаулық сақтау саласының қызметкерлері соңғы кездерде аурулардың алдын алуға ерекше мән беру арқылы шұғыл емделушілердің санын азайтқан екен.

  Ерлан Айтахановтың теріскей аталатын өңірге жұмыс сапары Таукент кентіндегі №24 және Созақ ауылындағы №1 кәсіптік колледжде жалғасты. Мұнда облыс әкімінің орынбасары кәсіптік маман иелерінің мемлекеттік межені бағындыру көрсеткішімен танысты. Жергілікті жерлерде белгілі бір кәсіп иелері, білікті мамандардың өте қажет екенін айтып, оқушыларға алдағы уақытта мықты, кәсіби маман болып шығуларына тілектестік білдірді.