АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Темірлан АЛМАС.ШЫМКЕНТТІҢ ӨЗЕН, КӨЛДЕРІ БАЛЫҚҚА ТОЛАДЫ

Алдағы уақытта Шымкенттегі өзен, көлдерде балimagesықтардың алуан түрі өсірілетін болады. Жақында осындағы демалыс аймағы болып саналатын Дендробақтағы көлге 52 мың ұсақ балық жіберілді. Сондай-ақ, облыс  орталығындғы емдік қасиеті бар Қошқар ата өзеніне 12 мың балық жіберілді. Бұлар осы су қоймаларында тұрақты өсірілетін болады.

Балық шаруашылығы кіріс көзі және экономикалық өсім үшін база ретінде халықты жұмыспен қамтитын, балық өнімінің экспортқа шығаруын, басқа да әлеуетті мүмкіндіктерді арттыратын, сондай-ақ биологиялық әртүрліліктің қайта жаңартылып отыратын көзі ретінде үлкен мәнге ие. Балық ресурстарын сақтау мақсатында мемлекеттік құзырлы қызмет балық ресурстарын қорғауды және өсімін молайтуды, сондай-ақ олардың орнықты пайдаланылуын реттеуді жүзеге асыруға қатты назар аударып отыр. Тауарлы балық өсіруді дамытуды мемлекеттік қолдау «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 151 қаулысымен «Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 — 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы» бекітілді. Бағдарламада бағалы балық түрлерінің асыл тұқымды толықтырушы-аналық балықтар табынын ұстауға субсидиялар түрінде тауарлы балық өсіруді мемлекеттік қолдау жөніндегі шаралар, сондай-ақ 2020 жылға дейін тауарлы балық өсірудің мөлшерін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар да бекітілді.
Осыған байланысты еліміздің көптеген су қоймаларында балық өсіру жоспарлануда. Бұл бастаманы шымкенттіктер қолдап қана қоймай, іске асыра бастады. Мамандардың айтуынша, балық өзен, көлдің тазалығын  қамтамасыз  етіп, табиғаттың тозбауына септігін тигізбек. Сонымен бірге қала қонақтары мен тұрғындары су жануарын қызықтап, тамашалайды. Қазір  мұндағы өзен, көлде тұқы,  сазан  сияқты  балықтың  бірнеше  түрлері жүзіп жүр.  Бұл  игілікті іспен «Көмешбұлақ» ЖШС мамандары айналысып жатыр. Бүгінде бұл  мекеме 300 мыңдай  шабақ  өсіріліп жатыр, алдағы уақытта оларды облыстағы өзен көлдерден көретін боламыз. Шым қаладағы  экологиялық басты жағымды  жаңалықтардың бірі осы.

Жыл сайын балық шаруашылығы ғылымының және мемлекеттік экологиялық сараптаманың биологиялық негіздемесі негізінде республиканың балық шаруашылығы су айдындарындағы және учаскелеріндегі балықтары мен басқа да су жануарларының аулау лимиті бекітіледі. Маңызды бағыт – балық ресурстарының табиғи өсімін молайтуға жағдай жасау жөніндегі іс-шараларды іске асыру жолымен көбейтуді, сондай-ақ зауыт әдісімен жасанды өсімін молайтуды жүзеге асыру болып табылады. Шымкент өзен-көлдеріндегі балықтар аулау үшін емес, табиғатты аялап, түрлендіру үшін жасалып жатқан шара