АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Темірлан АЛМАС.«ОРДАБАСЫ ҚҰС» ӨНІМІ – ҮЗДІК ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАУАР

«Ордабасы құс» ЖШС-гі «20120627182538өндіретін күркетауық еті халықаралық тамақ өнімдерінің «Халық маркасы-2015» байқауында үздік тауар деп танылып, жоғары марапатқа ие болды. Аталған  серіктестік директоры Мұрат  Тағаев Миланнан үздік жүлдемен оралды.

Бүгінде елімізде «Қазақстанда жасалған» деген маркамен отандық өнімдер ақырындап экспортқа шығарылып жатыр. Осындай кәсіпорындардың бірі «Ордабасы құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестік. Негізінен сапалы  құс өнімдерін өндіретін «Орбабасы құс» кәсіпорынының өнімдерін әлем мойындап отыр. Серіктестік 2010-шы жылдан бері нарықта өз орнын тапқан өндіріс орыны. Жылына 1500 тонна дайын өнім шығарған құс  өсірушілер 5 жылдың ішінде аяғына тік тұрып, өзінің толық қуатына көшті. Бұл  күндері серіктестік 5 мың тоннаға жуық ет өнімдерін еліміздің ішкі нарығына шығарып қана қоймай, сондай-ақ шетелдік тұтынушыларға да ұсынуда. Қазір «Ордабасы құстың» өнімі көп көңілінен шығып отыр. Ордабасылықтардың өнімдері сөрелерде жатып қалмайды, бірден таралып кетеді. Әсіресе, мәскеуліктер иін тірескен кезекке қарамай таласа сатып алатын көрінеді. Сондықтан ол жақта шымкенттік ет өнімдеріне деген сұраныс көп.

Өндіріс басшысы Мұрат Тағаевтың айтуынша, мұндағы мамандардың біліктілігін арттыру – тұрақты және басты назардағы мәселе. Шетелден арнайы шақырылған мамандар жергілікті жұмысшыларға жаңа  технологиямен  жұмыс  істеудің  қыр-сырын  үйретіп, өзара  тәжірибелерімен алмасуда. Ал, құстың азығын дайындау деген өз алдына үлкен шаруа.  Құстарға балапан кезінен қанаты қатайған шаққа дейін арнайы дайындалған азық  беріледі. Сапалы жасалған жеммен қоректенген  күркетауықтың еті де дәмді болады. 

         Мемлекеттік бағдарламаа асяында ашылған бұл кәсіпорынның жұмысын 2010 жылы Елбасы Н.Назарбаевтың өзі іске қосқан болатын. Мемлекеттік бағдарламалардың қолдауымен кәсіпорын кәсіпкерлікті дамытуға арналған 5 жылдықта аяғынан нық тұрды. Мұнда өндірілген тауық еті өнімдері кез-келген шетелдік өнімнен кем түспейді. Бағасы да тиімді. Ең бастысы,  сапасы әлемдік  деңгейге  жауап береді.  Құс өсірушілердің  үлкен  жеңіске  қол жеткізуі  – осының  нақты нәтижесі. Демек, елімізде бәсекелестікке қабылетті, экспортқа тауар шығара алатын кәсіпорындар қалыптасып келе жатыр деген сөз. Алдағы уақытта «Қазақстанда жасалған» деген белгімен көптеген отандық өнімдер экспортқа жол тартатыны сөзсіз.