Филиппиннің солтүстік жағалауында Индонезия азаматтары мінген шағын кеме кепілге алынды. Ақпаратқа сәйкес, теңізшілерді «әл-Каиданың» осындағы бөлімшесі «Абу Сайяф» террористік тобының мүшелері кепілге алған. Қазір олар индонезиялықтарды босату үшін ел билігінен 1 миллион доллар құн төлеуді талап етіп отыр, деп хабарлайды AP твиттерде. Ал Индонезияның сыртқы істер министрлігі бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берген жоқ.
Источник: http://24.kz/kz/