АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

«Toyota» аккумуляторлары Қазақстанда шығарылады

АСТАНА. 6 наурыз. Baq.kz — «Toyota» корпорациясы «Сарыарқа АвтоПром» базасында жол талғамайтын көлік құрастырып шығаратындықтан, «Toyota Tsusho» кәсіпорны автокөлік құрауға қажетті кейбір бөлшектерді, соның ішінде аккумулятор өндірісін қолға алуға қызығушылық танытуда» деп хабарлайды Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз қызметі.

 

Қос тараптың бірлескен жобасы министр Әсет Исекешов пен «Toyota Tsusho» компаниясының вице-президенті Ёкои Ясухико талқылауынан өткен. Қазіргі кезде екі елдің сала жетекшілері жан-жақты келіссөздер жүргізу үстінде.
«Toyota Tsusho» компаниясы — негізгі базасы Жапонияның Токио және Нагое қаласында орналасқан «Toyota» компаниялар тобының белді мүшесі. Бұл Жапон елінің ірі сауда компанияларының бірі екені белгілі. Сондай-ақ, «Toyota Tsushoның» әлемнің түкпір-түкпірінде өндірістік бөлімшелерінің көптігімен де ерекше. Атап айтқанда, 500-ге жуық еншілес компаниялары мен филиалдары, 100-ден астам кеңселері бар.
http://baq.kz/news/24339