АЛТЫНОРДА
Новости

Туника — гардеробтағы ең қолайлы киім

Осы күні туника әрбір қыздың гардеробынан табылатын төзімді киімдердің біріне айналды. Бұл киімді басқа киімдеріңізбен үйлестіре кигеніңізге байланысты сырт пішініңіздің артықшылықтарын да, кемшіліктерін де көрсетуі мүмкін.

Жаңа туника сатып аларда оны немен киетініңізді ойланып алыңыз. Өйткені бұл киімді кез келген затпен кие алмайсыз.

Жаздық жеңіл туника жұқа шалбармен, шортымен, жіңішке белдемшемен және әрине капримен киюге келеді. Сонымен қатар, жіңішке пішімді джинсымен өте жақсы жарасады.

Туниканы көйлек ретінде де киюге болады. Және тиімді көрінуі үшін моншақ, шарф немесе жалпақ белбеу сияқты аксессуарлармен толықтырсаңыз болады. Бірақ егер туникаңыздың жоғарғы жағы кең болса белбеу тағудың қажеті жоқ. Бір түрсті туника ірі әшекейлермен өте жақсы көрінетін болады (жалпақ білезік, ірі сырғалар, ұзын моншақтар).

Жағасы ашық, жеңі жоқ тоқылған жылы туника басқа түстегі футболка, водолазкамен жақсы келеді. Қою түсті туниканы ақ жейдемен киіп, классикалық жіңішке шалбармен үйлестірсеңіз тамаша кәсіптік стиль жасауға болады.

Туника бәрінен бұрын аяғы ауыр келіншектерге таптырмас жарасымды киім.

Көктем, күз, қыс мезгілдерінде сыртқы киіміңіз туникадан ұзынырақ болуы керек. Әйтпесе сырт пішініңіздің сәнін құртып тұрады. Туникаға киім таңдарда материалдың түсі мен типіне аса назар аударыңыз. Туникаға кез келген аяқ киім жарай береді.

Туника – барлық жағдайға ыңғайлы киім. Жақсы аксессуарлармен үйлестіре отырып оны көңілді отырыстарға да киіп барсаңыз болады. Сонымен қатар, демалыста да үстіге іле салғанға ыңғайлы. Әрине, барлығы өз талғамыңызға байланысты.

Суреттер: chinese-wholesale.com, khashafashionmall.blogspot.com

Дайындаған: Анар Мұстафина

http://massaget.kz