Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі валютаның жаңа бағамын ескере отырып, өз салымшыларына өтемақы төлей бастады. Оны 2015 жылдың 18 тамызына дейін депозитке 1 млн теңгеден асатын қаражат құйған азаматтар ала алады. Жалпы есеппен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 467 мың келісім-шарт бойынша барлығы 171,9 млрд теңге қаржы салған клиенттеріне өтемақы төлемек. Банктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сенсек, бұл мақсатта банктің өз қаражатымен қоса мемлекет бюджетінен де қаржы қарастырылған. Өтемақыны алу үшін азаматтар www.egov.kz порталы немесе банк сайты арқылы тиісті келісім-шартқа қол қоюлары тиіс.
Источник: http://www.24.kz/kz/