АСТАНА. BAQ.kz. 21 ақпан. Еліміздегі туризм саласын дамыту мақсатында инновациялық жоба ұсынған азаматтарға қолдау көрсетілетін болады. Тек ол үшін сенімді бизнес жоспар мен креативті идея болу қажет, деп хабарлайды 24 kz.
ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі бүгіннен бастап ең үздік стартап жобалар республикалық байқауын жариялап отыр.
Шараның мақсаты – туристік инфрақұрылымды дамытып, бәсекеге қабілетті туристік кластер құру. Үздік деп танылған жоба иелеріне мемлекет тарапынан «Даму» қоры, «Бизнестің жол картасы» бағдарламалары арқылы қолдау көрсетілетін болады. Он үздік жоба іріктелетін байқауға үміткерлерден өтініштерді қабылдау 21 мамырға дейін жалғасса, 28 маусымда қорытындысы белгілі болады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, егер жоба жүзеге асатын болса, елімізде 100 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етуге септігін тигізбек.
Жалғас БАЛҒОЖИН, ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитеті басқармасының бастығы:
— Бұл жобалар – туристік саланы дамыту мақсатында жасалып жатқан іс-шаралар. Жобаға кез-келген деңгейдегі кәсіпкерлер қатысады. Ең бірінші қойылатын талап – еліміздің табиғатына зиян тигізбеу, экономикамыздың дамуына және туристік саланың дамуына зор үлесін қосу. Экономикалық тиімділігі жөнінде де талаптар қойылады.
http://baq.kz/news/23640