АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

ТЫМ КӨП ҰЙЫҚТАЙТЫН АДАМДАР АЗ ӨМІР СҮРЕДІ

images (4)«Ғалымдар жүргізген жаңа зерттеулер тәулігіне сегіз сағаттан артық уақыт ұйықтайтын ересектер өмірмен ертерек қош айтысатынын көрсетті», — деп хабарлайды The Telegraph.
Зерттеу мәліметтерінше, сондай-ақ тәулігіне алты сағаттан кем ұйықтайтын адамдардың ғұмыры да тәулігіне жеті сағат ұйықтайтындардан қысқа болады екен. Сонымен, дәрігерлер ересек адам күніне жеті сағаттан сегіз сағатқа дейін ұйықтауы тиіс деген тоқтамға келіп отыр.

Он жыл бойы сарапшылар миллиондаған адамдарға олардың ұйқыға жұмсаған уақыттары туралы сауалдар қойып келген. Соның нәтижесінде ұзақ уақыт ұйықтайтын адамдардың күйзеліске, қант диабетіне және жүрек ауруларына ұшырайтыны дәлелденген.

Уорикс университетінің жүрек-қан тамыры аурулары бойынша маманы Франко Каппучионың айтуынша, ұйқыға көбірек уақытын бөлетін жандардың ажал құшу ықтималдығы тәулігіне жеті сағат ұйықтайтындармен салыстырғанда, 30%-ға жоғары екен.

ҚазАқпарат