АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

UK BBOY CHAMPIONSHIPS 2015 әлем чемпионатына іріктеу және “BOOM-BOOM 2015″ атты заманауи би фестивалінің

images (4)3 тамыз күні сағат 15:00-де Талдықорған қаласы, Баспа үйінің 2-і қабатының мәжіліс залында “BOOM-BOOM 2015″ атты заманауи би фестивалінің баспасөз жиналысы өткізіледі.

 

     Баспасөз жиналысын өткізудегі мақсат БАҚ өкілдерінің назарына Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отырған “BOOM-BOOM 2015″ атты халықаралық заманауи би фестивалі жайлы қызықты да толық қосымша ақпарат беру.

 

      Қатысушылар құрамында Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Алпысбаев Рустам Әлиұлы, Алматы облысының жастар саясаты орталығының директоры Нұрмұхамбетов Айдын Нұрмұхамбетұлы, «Arlan Family»  би студиясының жетекшісі Айдын Дүйсеков және топ мүшесі Медеуов Алишер.

 

      Баспасөз жиналысын ұйымдастырушылар Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, жастар саясаты орталығы, «Жас Отан» ЖҚ облыстық филиалы.

 

  Айнур Тұрлыбекова

 

(  8/7282/40-10-35/8 747 224 26 68/