Донецк облысындағы Славянскі қаласына әскерлер кіргізілді; Краматорск әуежайында терроршылардың шабуылына тойтарыс берілді, деп хабарлады «Униан»ақпараттық агенттігі.
«Сепаратистер мен ресейлік диверсанттар әрекет етіп жатқан Славянск қаласына ураина әскерлерінің колоннасы кірді: (…) 500-дей әскерилер, 20 БТР, 2 тікұшақ, бірнеше автобус кірді», — деп жазады агенттік.
Қалада ұялы байланыс үзілуде, украиналық әскерилер қалаға кіретін жолдарды толығымен жауып тастады.«Қалаға көптеген бронетехника тартылды, қалаға кіру және шығу толығымен бақылануда, бірақ әзірге атыс жоқ», — деп мәлім етті «Донбас халық жасағы» атты бірлестіктің өкілі Сергей Цыплаков.
Славянскі әкімшілігінің басшысы Неля Штепажурналистерге мәлім еткендей, қалаға келген содырлар халыққа мыңға жуық автомат пен гранатомет таратыпты. «Ақпараттық қарсылық» тобының жедел мәліметтерінше, экстремистер Славянскі қаласының маңындағы әуежайды басып алмақшы болған, бірақ аэродром күзеті қарулы қарсылық танытты.
Бұл ретте Краматорскі қаласының әуежайында украиналық күш құрылдымының жүргізген операциясы барысында терроршылардың шабуылына тойтарыс берілді. Беймәлім әскери киімдегі адамдар автоматты қарумен аэродромға шабуыл жасамақшы болды. Қазір қала тыныш, ұлттық гвардия жұмыс атқаруда.
Бұдан бұрын Луганскі облысының «өзін-өзі қорғау» күштерінің үйлестірушісі Алексей Чмиленкоатап кеткендй, «халық жасағының арасында жарақаттанғандар, бәлкім қаза болғандар да болуы мүмкін. Қалған халық жасақтарының өкілдері Краматорскі қаласына кіре берісті жауып тастады, және шабуылға тойтарыс беруге дайын».
Әуежайға 60-қа жақын брондалған техника тартылды.
Белгілі болғандай, сейсенбі күні таңертең Украина президенті міндетін атқарушы Александр Турчинов Донецк облысының солтүстігінде антитеррорлық операция басталғанын жариялады.
12 сәуірден бастап ресейлік қаруланған содырлар Украинаның шығысындағы қақтығысты арандатып, әкімшілік ғимараттарды басып ала бастады ҚазТАГ.
http://www.aikyn.kz/articles/view/47183