АЛТЫНОРДА
Новости

Украинадағы шиеленіс Грузиядағы әділетсіздікті әшкереледі

Украинадағы шиеленіс Грузиядағы әділетсіздікті әшкереледіУкраина телеарнасына кеше тікелей эфирден сұхбат берген Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили Мәскеуге сенемін деп Грузияға тиесілі аймақтан қалай айырылып қалғанын айтып берді. Сөйтіп, ол бүгіндері сепаратистермен ымыраға келісіп жатқан Киевке сақ болуды ескертті. Өз кезегінде «Алаш айнасы»басылымы оқырмандарына осы сұхбаттың қысқаша мәтінін ұсынбақ…

Өткен аптаның басында Ресей Федерациясы президенті Владимир Путин Украинадағы тұрақсыздыққа нүкте қоятын жеті пункттен тұратын жоспар ұсынған болатын. Ал жұмада Минскіде осы жоспарды талқылаған тараптар Украинадағы атыс-шабысты тоқтату туралы келісімге қол қойды. Алайда ертеңінде-ақ, сенбі күні қос тарап ымыраға келу туралы келісімнің кейбір баптарын бұзды деп бір-біріне айып тақты. Дегенмен бүгін жағдай қайта реттеліп, аталған келісім функциялары іске қосылғандай болды. Міне, кеше «Интер» телеарнасынан тікелей эфирге шыққан Михаил Саакашвилиге, негізінен, осы айтулы оқиға төңірегінде сауалдар қойылды. 

Тілші: Жалпы, орыстарға сенуге бола ма? Қазір берілген уәдеге сенуге бола ма? Кезінде Сіздің мемлекет те уәде алды, келісімге отырды, бірақ ол орындалмады. Қазір украиндықтар не ойлауы керек?

М.Саакашвили: Классиктердің олар туралы жазбасы, сол секілді грузин тәжірибесі Путиннің уәдесіне сенім артуға негіз жоқ екенін көрсетеді. Біздің өкінішке толы тәжірибеміз бар. Мәскеуде 1992 жылы Эдуард Шеварднадзе мен Борис Ельцин Грузия-Абхазия шиеленісін реттеу туралы келісімге қол қойды. Мен бұл делегацияға федеральдық қауіпсіздік қызметінің басшысы ретінде қатыстым. Содан бәрін оңынан тындырдық деп Тбилисиге ұшып келдік. Бірақ үш-төрт аптадан соң бүтін солтүстік Абхазия уыстан сусып кете барды. Ресей мен сепаратистер түк болмағандай арадағы келісімшарттың әрбір бабын бұза бастады.

Тағы да, 1993 жылы тамызда Ресейдің қатысуымен Сочи келісімшартына қол қойыстық. Осы құжатқа сәйкес, Грузия бір айдан соң Абхазиядан әскери құрылымын, артеллериясын, ауыр әскери техникасын алып кетті, екінші тарап та солай істеуі міндетті еді. Алайда олай болмады. Керісінше, бір айдан соң Абхазияның астанасы Сухумида жаппай әскери қақтығыс орын алды. Сол кездегі 5 миллион халықтың жарты миллионы босып кетті. Бұл – үлкен трагедия. Грузия үшін маңызды аймақтан осылайша айырылдық…

Тілші: Қазіргі жағдайға оралсақ, атыс-шабысты тоқтату туралы бұл келісім ұзаққа бармайды дейсіз бе?

М.Саакашвили: Путин ылғи өтірік айтады. Ол мұнысын жасырмайды да. Бірақ ол үнемі нені қалайтынын алдын ала мәлімдеп алады. Бұл арада мәселе Путиннің нені қалайтындығына байланысты. Мысалы, қазір ол Донбасс аймағын бүтіндей өз бақылауына алғысы келеді. Бұл — Луганск деген де сөз. Оның ойынша, Славянскіден, Донецкінің солтүстігінен, Украина әскері «тазалап» кеткен аумақтардан украин әскерін ығыстыру маңызды. Оған алдағы апта немесе айларда Қырымға тікелей шығатын жол ашу керек. Өйткені Қырымға баратын өткелде жазғы маусымның өзінде көптеген қиындық туындап жатты. Ал күз бен қыста мұндағы жағдай мүлде ушығып кетеді. Сол себепті Путинге бұл жол өте қажет. Қырымға баратын жолдағы Мариуполь сынды елді-мекендер құрбандыққа ілініп тұр. Міне, Путиннің қазіргі мақсаты осы. Киев осы міндетке сай іс-қимыл жасауы керек. Дегенмен Киев Путиннің ойында не барын жақсы біледі. Сондықтан олар алдап-арбауға түспейді деп ойлаймын…

Бейнежазба сілтемесі:

Толығырақ: http://alashainasy.kz/sabaktar/ukrainadagyi-shielens-gruziyadagyi-adletszdkt-ashkereled-53781/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі