АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

 ҰЛТАРАҚҚА ГЕРОИН ЖАСЫРҒАН

скачанные файлыҚарағанды облысында әйелдердің түзеу мекемесіне аяқ киімнің ұлтарағына героин жасырып өткізбек болған әрекеттің жолы кесілді, — деп хабарлайды «Қамшы» порталы ІІМ қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Көксу кентінде орналасқан АК-159/9 түзеу мекемесінде болған.

«Жүргізіліп жатқан үздіксіз түсіндіру жұмыстарына қарамастан кей азаматтар режимдік нысандарға тыйым сатылған заттарды түрлі жолдармен алып өтуі әрекеттерін тоқтатар емес. Биылғы жылы бірінші рет мекемеде жазасын өтеушіге жіберілген сәлемдемелердің арасынан есірткі жасырылған екі ұлтарақ анықталды. Сот-химияоық сараптама ұлтараққа жасырылған заттың героин екенін растады. Қазір аталған оқиға бойынша тексеру жүруде», — дейді Қарағанды облысы бойынша ҚАЖ департаментінің басшысы Дархан Қанатбеков.

«Қамшы» сілтейді