АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Үнді киносы жұлдызы Сиддхарт Шукла өнеріне табынушылар оны Астана халықаралық әуежайында қарсы алды

IMG_5812«Қазақстан» телеарнасында көрсетілетін «Келін» үнді телехикаясының басты рөлдерінің бірі, Шива рөлін сомдаушы (басты рөлдердің бірі — Анандидің күйеуі) Сидхарт Шукхла 27 ақпан — 2 наурыз аралығында Астана қаласына келді. Сидхарт Астанаға анасымен келді. Ритой Шухла сонымен қоса Сидхардтың агенті болып табылады.

Ұлттық телеарнаның көрермендері Сидхарт Шукхланың келуін асыға күтті және оны әуежайға барып гүл шоқтары мен әсем шарлармен қарсы алды.

Астана халықаралық әуежайында Сидхартты «Қазақстан» телеарнасының танымал жүргізушілері Нұрлан Қоянбаев, Ләйлә Сұлтанқызы қарсы алды.

Өзінің суреттері мен баспасөз беттерінде жарық көрген мақалаларын көріп, қазақстандықтардың арасында аса танымал екеніне шын көңілден таң қалғанын жасырмады.

Сидхарттың айтуынша, Мумбаидан шыққанда ауа температурасы +26 градус болған екен. Астанада біраз тоңғанын жасырмады. Соған қарамастан, қазақ халқының қонақжайлығы даладағы аязды қолмен жұлып алғандай. Сонымен қоса, елорданың зәулім ғимараттары мен қалың қарлары Сидхартқа ерекше әсер еткен көрінеді. Себебі, ол қыс мезгілінде шаңғы спортымен айналысқанды ұнататынын жасырмады.

28 ақпан, сенбі күні, сағат 15.00-де «Хан шатыр» сауда-ойын сауықтыру орталығында актер көрермендермен кездесіп, афтограф-сессия өткізеді.

IMG_5788Сонымен қатар, 28 ақпан күні «Жұлдызбен кешкі ас» жоспарланып отыр: «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының веб-порталында жарияланған викторина жеңімпаздары Астана қаласының мейрамханалырының бірінде Сидхарт Шукхламен және танымал отандық «Қара шаңырақ» телехикаясында басты рөлдердің бірін сомдаған актермен кешкі ас ішу мүмкіндігіне ие болады.

2 наурыз, дүйсенбі күні, «Қазмедиа Орталығының» 11-қабатында сағат 12.00-де Сидхарт Шукхла және отандық танымал «Қара шаңырақ» телехикаясының басты рөлдерінің бірін сомдаған Азамат Сатыбалдымен БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз-конференциясы өтеді.

IMG_57652 наурыз күні сағат 15.00-де Сидхарт Шукхла «Қазақстан» ұлттық арнасында тікелей эфирдегі «Әйел бақыты» бағдарламасына қонаққа келеді. Осы күні телекөрермендер танымал жұлдызды «Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев» ток-шоуынан көре алады.

2012 жылдан бері Қазақстанда үндінің телевизиялық көрсетілімінің «Келін» сериалы үздік болып келеді. Әдемі кейіпкерлер, жақсы дубляж, әдемі қойылым рейтинг көрсеткіштерінің өсуіне оң ықпал жасады.

«Келін» Үндістандағы танымал телехикаялардың бірі. Кинода әлеуметтік дәстүрлер тақырыбы қозғалады. Телехикая туған ел мен қара шаңырақты сүйіп, ата дәстүрді құрметтеуге шақырады. Бұл тұрғыдан алғанда, «Келін» телехикаясы «Қазақстан» телеарнасында эфирге шығатын отбасы мен отбаслылық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған отандық «Қара шаңырақ» телехикаясымен сәтті үндесіп жатыр.

Сидхарт Шукхла Мумбайда дүниеге келген. 34 жаста. 2008 жылдан бері актер шеберлігін шыңдап келеді. Бұдан бұрын сән бизнесінде қызмет атқарған. Сыртқы келбеті, бойы (188 см.) да бұл қызметке сай келеді. «Жұлдыздармен би билеу» шоуына қатысқан. Үстел теннисімен және футболмен шұғылданады. 2013 жылы Үндінің Телевизия Академиясы Сидхартқа «Жыл әртісі» атағын берген болатын. Сол жылы жыл сайынғы «Zee Gold Awards» ТВ сыйлығының нұсқасы бойынша ол ең «денелі» актер атанды. Үндінің «Stardust» кино туралы журналы 2014 жылы оны киноиндустрияд ағы «Үміт күтетін жас актерлердің бірі» деп бағалаған болатын. Ал Үндінің жыл сайынғы «Filmfare Awards» киносыйлығы үнді тілінде түсірілген фильмдердегі жетістіктері үшін Сидхартты «Ерлер дебюті-2015» сыйлығына ұсынды. Қазіргі уақытта Сидхарт үндінің белгілі продюсері Каран Джохармен үш фильмге түсу үшін шартқа қол қойды.
«Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы «Қазақстан» ұлттық телеарнасын, «Балапан» және «КAZsport» телеарналарын, Қазақ, «Шалқар», «Астана» және «Classic» радиоларын, сондай-ақ аймақтық телерадиокомпанияларды біріктіреді. Корпорацияның ресми сайты www.kaztrk.kz. Әлеуметтік желілердегі парақшалары: facebook.com/Kaztrk.kz, twitter.com/kaztrk_kz, youtube.com/user/NTKKazakhstan