АЛТЫНОРДА
Новости

 Ван Дамм қазақ киносына түспек

Бұл үстіміздегі жылдың желтоқсан айында шешілуі мүмкін. Өйткені Қа­ра­ғанды қаласында жыл сайын Ға­лым Жарылғапов атындағы дәстүрлі турнир өтеді. Ал бұл халықаралық жа­рысқа Қазақстанның еңбек сіңірген жат­тықтырушысы Нұрғазы Жарылға­пов Жан Клод Ван Даммды шақыр­мақ. Атақты Жарылғапов турниріне Жан Клод құрметті қонақ ретінде кел­мек. Алайда болашақ киноның сцена­рийін Жарылғаповтың ұлы Нұрғазы мен жергілікті кәсіпкер Құлкеев атақ­ты актерге жарысқа келген уақытта көрсетпек. 


Әрине, қарағандылықтармен және Нұрғазы Жарылғаповпен Жан Клод Ван Дамм жақын. 2011 жылы бри­тан­дық «ITV—4» телеарнасының «Behind closed Doors» реалти шоуында Ван Дамм басты рольді ойнайды. Аталған фильмнің бір сериалында бокс­тан Қа­зақстанның еңбек сіңірген жаттықты­ру­шысы Нұрғазы Жан Клод Ван Дам­мен спарингке түсіп жатады. Қазақ бапкері атақты артиске рингте ұрып-соғудың сан түрлі әдіс-айласын көр­сетіп жатады. Қысқаша айтқанда, спорт оларды жақындастырды. Жалпы, есімі әлемге мәшһүр атақты артист бұ­ған дейін Қазақстан мен Азия елдерінде бірнеше рет болып қайтқан. Астанадағы кинофестивальге келген уақытында Шыңғыс хан мен Ақсақ Темір туралы кино түсіру туралы ойын айтқан. Жал­пы, Голливуд жұлдызы кейінгі кезде тарихи тұлғалар туралы киноға түсуге құмартып жүргені жасырын емес. Мұ­ны Жан Клод Ван Дамм ашық айтып жүр. Бельгиядағы кинофес­ти­вальде жұлдызбен кездескеннен кейін Нұр­ғазы Жарылғапов пен Ерік Кұлкеев Қарағандыда туылған жерлесі, қазақ режиссері Ақан Сатаевпен кездесіп, сценарий жазуға көмек сұраған. Енді, міне, бәрі дайын. Сценарий Ван Дамм­ға ұнаса, кино түсіруге қазақ жағы құл­шынып отыр. Ең бастысы, фильмде Жан Клод Ван Дамм басты рольде ойнап, фильмнің продюсері болмақ.
Өз тілшімізден

http://www.aikyn.kz