Украина ішкі істер министрлігі елдің шығысындағы Харьков қаласында бүгін болған жарылыс салдарынан кемінде бір адам қаза тауып, он кісі жараланған деп хабарлады.
Жарылыс елдегі билік басынан ресейшіл президенттің кетірілгеніне бір толуына орай ұйымдастырылған «Ар-намыс шеруі» кезінде болған.
Жергілікті баспасөз құралдары жарылыстан кемінде екі адам қаза тапқаны туралы хабарлады. Алдын ала хабарларға қарағанда, жарылыс шерушілер колоннасы Азаттық алаңына қарай жүргелі тұрған сәтте колоннаның бас жағында болған.
Азаттық алаңында Украинаның шығыс аймағындағы шайқастарда қаза тапқандарды еске алу рәсімін өткізу жоспарланған еді.
http://www.azattyq.org/archive/news/20150222/330/330.html