АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Заттыбек «Бойтұмарсыз» жүрмейді енді…

Осыдан аз ғана бұрын біз «Ақмаржан» ағамызға көмек керегін айтып дабыл қағып едік, шүкір, сіз боп, біз боп, Заттыбектей әншіні сол бір «қиын» шақтан алып шықтық.

 Жалғыз өз қамын ойласа, ештеңе қажетсінбес пе еді, мәселе Көпбосынұлының көпше түрде ойлауында болып тұр ғой. Фонограммамен жүруді ар санаған ағамыз тірі дыбыс шығаратын аспаптардан ансамбль құруға бел байлағанын айтқанбызОл да оңай бола қойған жоқ, әнші, сазгер ағамыз ерінбей әрбір музыкалық кол­ледждерді аралап,  музыкалық сауаты бар қазақ жігіттерін іздеді. Табылғандарын іріктеп, әйтеуір вокалды-инструменталды топ құрды. Бірақ топ құрғаннан гөрі оған ат қою мұнша қиын бола қояды деп ойламап еді, тіпті әлеуметтік желідегі жеке парақшасында көпшіліктен көмек сұраған. Сол уақытта жұрт «Аманат, «Дегдар», «Самға», «Тұмар» деп, біз де өз кезегімізде «ВИАЗат» немесе «ВИА Заттыбек» деген ат ұсынып едік. Бірақ бүгін білдік, ағамыз ансамбіліне «Бойтұмар» деп ат қоюды тәуір көріпті. Тіпті, жаңа құрылды ғой деп тағы біраз бұлтаққа салмай, Заттыбек Көпбосынұлы өзінің ВИА-сымен гастроль бастап жіберіпті.. Алдымен өзінің туған өңірі Оңтүстік Қазақстан облысына «сәлем беруді» парыз санаса керек. Олай болса, «Бойтұмарыңыз» құтты болсын дейміз біз де!

Мәриям Жагорқызы

http://aynaline.kz