АЛТЫНОРДА
Новости Алматы

ЖАҢА ДА , ЖАС ӘКІМНІҢ ҚҰЛАҒЫНА “АЛТЫН СЫРҒА”!

image1…Төртем туған ананы сонша әңгіме қылып, ел талқысына салып қойған Байбектің құлағына…
 
…Ауылда ағам әрі әріптесім болды. Жиырмаға толмаған шағымда аудандық газетке өндірістік практикаға барып, сол кісінің жетегінде жүргенім бар. Күндіз репортаж жазып, жұмыстан соң аздап сырласып қоятынбыз. Үш қызы бар екен. Алладан ұл тілеп жүргендеріне біраз болыпты. Жастары да біразға келіп қалған. Соңғы үміті-осы жолы! Жеңгеміздің аяғы ауыр.
-Әй, білмеймін,-дейді ағам,-Тағы қыз болатын шығар?..
Не дейік? Шама келгенше жұбатып бағамыз. Басын ұстап, күрсініп ағам отырады. Практикам бітіп, Алматыға оралған соң да ағамызды көпке дейін ойлап жүрдім.Бір күні ауылдан ағайын телефон шалды. Амандық-саулықтан соң ең үлкен жаңалықты айтты.
-Ана журналист ағаңның әйелі босанды!
-Кім туды? Ұл ма, қыз ба?
-Ұл! Біреу емес, бірден үшеу туды! Үшем!
Мәссаған! Алланың құдыреті деген осы! Араға аз күн салып ағамызды құттықтаудың сәті түсті. Төбесі көкке бір елі ғана жетпей жүр екен! Аупарткомның бірінші хатшысы өзі отырған даңғарадай үйді үшемдерге босатып беріпті. Ұмытпасам, сол кездегі аудан басшысы  Бақыт Оспанов болуы керек… Кейін Жер ресурстары агенттігін басқарған  азамат! Алматыдан Заманбек Нұрқаділовтің адамдары хабарласып, тау жақтан бір үлкен үй дайындап жатқанын айтыпты. Көп ұзамай бұл уәде де орындалды. Ағамыз қазір тау бөктерінде тұрып жатыр.
…Төртем туған ананы сонша әңгіме қылып, ел талқысына салып қойған Байбектің құлағына “алтын сырға” дегенім ғой…

Арман Сқабыл,

qazaquni.kz