АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

«Жаңа қоныс» телехикаясының түсірілімі басталып кетті

IMG_4889«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының тапсырысы бойынша «Dastan MEDIA» кинокомпаниясы «Жаңа қоныс» (Квартиранты) 12 сериялы телехикаяның түсіріліміне кірісіп кетті. Ситком «Қазақстан» телеарнасында қазан айында көрсетіледі деп жоспарлануда. Бұл туралы «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының Баспасөз қызметі хабарлайды.

Осындай тақырыпта хикая түсіру телевизия үшін бірегей тәжірибе болып табылады. Сондай-ақ, телехикаяның бірнеше ерекшеліктері бар. Онда Қазақстанның жағдайы жақсарып, ауыл адамдарының қалаға көшіп келіп, өз орындарын табу туралы баяндалады.

IMG_4875Телехикаяда қозғалатын тақырып – пәтер жалдап тұратын отбасының қызықтары.  Қалаға көшіп келген көптеген жанұялардың басынан өтетін бұл мәселе көрермендерге өте таныс деп айтуға болады. Себебі, көрермен өзіне етене жақын оқиғаларды комедиялық қырынан көргенде еріксіз езу тартатыны анық. Қазақы қалжың-қағытпалар жылдам өрбіп отыратын шытырман оқиғалармен үйлескен телехикая көрерменнің көңілінен шығатынына сенімдіміз. Хикаяның негізгі кейіпкерлері – Мырзахановтар жанұясы. Телехикая сол отбасының жаңа пәтерге көшіп келу оқиғасымен басталады. Осылайша, олар армандарына жетем дегенше әр түрлі күтпеген жайттар орын алып, қызығы таусылмас күндер жалғаса береді.  

 

IMG_0513«Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы «Қазақстан» Ұлттық телеарнасын, «Балапан»және «КAZsport» арналарын, Қазақ радиосын, «Шалқар», «Астана», «Classic» радиолары мен аймақтық телерадиокомпанияларды біріктіреді. Корпорацияның ресми сайты www.kaztrk.kz. Корпорацияның әлеуметтік желілердегі парақшалары: facebook.com/Kaztrk.kz, twitter.com/kaztrk_kz, youtube.com/user/NTKKazakhstan