АЛТЫНОРДА
Новости

ЖЕТІ ЖАСАР ҚЫЗ ЖОҒАЛДЫ

ноТалдықорған полицейлерінің жоғалып кеткен жеті жасар қызды іздестіріп жатқандарына бір тәулік болды. Бұл туралы Алматы облыстық ішкі істер дапартаменті хабарлады.

«24 қараша күні кешке Талдықорған тұрғынынан жеті жасар қыз баланың жоғалғандығы туралы хабар келіп түсті. Баланың ата-аналарының қонақта болғандығы белгілі болды. Ата-аналарының үйінде қалған балалар тумасының қарауында болған. Ал қыз көшеде ойнап жүріп жоғалып кеткен», — деді ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Көбейхан Нұрахмет.
Қызды іздестіру жұмыстарына қала полициясының барлық күші, сондай-ақ бала оқитын мектептің педагогикалық ұжымы жұмылдырылған. «Баланы іздестіру жұмыстары әлі өз нәтижесін берген жоқ», — деді  ІІД мамандары.

Дуанабай Жолдасбек

http://www.aikyn.kz/articles/view/36500