![]() Раиса Шердің айтуынша, сыйақы алған адам асырап алған баланы өсіріп-жеткізуге міндетті. Егер ол адам жәрдемақыны алғаннан кейін асырап алған баладан бас тартқан жағдайда, ол алған ақшаны тұтастай қайтарады және оның үстіне қосымша салынатын айыпты төлейді. Жаңа құжат бойынша жетім балаларды пайдаланып, ақша тапқысы келгендерге осындай тосқауыл қойылған. Сондықтан бала асырап алушы жәрдемақыны алғаннан кейін ол баланың тағдыры толықтай сол отбасына міндеттеледі. – Бала асырап алған жағдайда сыйақының қандай түрі тиімді болмақ? Бірмезгілдік жәрдемақы ма, сыйақы ма, жоқ, ай сайын берілетін жәрдемақы ма деген мәселені шенеуніктер үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып анықтады. Сауалнама алынғандардың 74 пайызы бірмезгілдік жәрдемақы төленгені дұрыс деп санайды. Содан кейін мамандар осы мәселе бойынша басқа елдердің тәжірибелерін салыстырып, жәрдемақының үш сомадағы көлемін ұсынды. Оның қайсысына Үкіметтің тоқталатыны әзірге белгісіз. Бірақ жәрдемақы 2015 жылдан бастап төлене бастайды, – дейді Балалар құқығын қорғау жөніндегі комитет төрайымы Раиса Шер. Қайыржан ТӨРЕЖАН |