АЛТЫНОРДА
Новости

Жиһадшылар испан королінің отбасына қастандық жасамақ болған

Астана. 17 наурыз. Baq.kz – Испанияда қолға түскен жиһадшылар корольдің отбасына шабуыл жасамақ болған деп хабарлайды Sputnik. Нақтысын айтқанда, лаңкестер король VI Фелипеге және оның екі қызы – тоғыз жасар Леонор мен сегіз жасар Софияға қастандық жасауды көздеген.

Құқық қорғаушылар содырлардың өзара жазысқан хаттарын оқу барысында осындай шешімге келген. Хатта: «Қыздары үйінді астында қалған кезде Фелипе тауқыметтің не екенін білетін болады» делінген.

Айта кетейік, 13 наурыз күні Испанияда лаңкестікке күдігі бар сегіз адам қамауға алынған болатын. Олардың алтауы ер, екеуі әйел адам. Күдіктілер Барселона, Жироне, Сьюдад-Реале және Авиле қалаларында қолға түскен. Олар лаңкестікпен қатар, Сирияға соғысуға аттанатын шәкірттер тәрбиелеумен айналысты деп те айыпталуда.

Қолға түскендердің барлығы Испания азаматтары, бесеуінің түбі марокколық. Барлығы да «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымымен байланыста болған.

http://baq.kz/kk/news/62321