АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Жиырма жылдан бері құжат ала алмаған

документыБұдан 20 жыл бұрын Ақтөбе же­ріне келіп, оны тұрақты қоныс еткен оралман Шернияз Шумақай деген азамат әлі күнге дейін Қазақстанның азаматтығын ала алмай жүрген кө­рінеді. Бұл туралы «Жетінші арна­ның» тілшісі хабарлады.Тілшінің баяндауынша, бұл кісі біздің тәуелсіздігіміздің алғашқы елең-алаңында, өткен ғасырдың ба­сында Моңғолиядан көшіп кел­ген екен.Тарихи отанының азат аймақ, егемен ел болғанына қат­ты қуанғаннан бірден аттың басын осылай қарай бұрып жүре бер­ген ғой. Бірақ республикаға кел­ген уақытының өзі біздің тәуел­сіз­дігіміздің құрдасы дерлік жылға толғанша, азаматтық мәртебесі бұйырмай қойыпты.

Бір қызығы, Шернияздың туған-туыстарының бәрі әлдеқашан мұн­дай құжаттарға қол жеткізген екен. «Үшінші терезеге барып едім, құжат­тарымның көшірмесін сұрады. Соны алмақшы болып, Ақтөбеге келсем, Әйтеке би ауданына жұмсайды, онда барсам, қайтара облыс орталығын мең­зей­ді. Екі ортада шапқылаумен жүргенімде көп уақыт өтіп кетті. Ең қиы­ны, ешкім ешнәрсені кесіп айтпайды. Бұдан әрі не боларын білмеймін», дейді оралманның өзі.

Сергелдеңге түскен Шумақай құжаттары жоқтығынан тартып жүрген азап­тары да аз емес екенін айтады. «Пойызға мінсем, кейде жарым жолда, жарым түнде түсіріп тастайды, жұмыс сұрап барсам, ешкім маңына жолатпайды», дейді ол.

«Апам да аң-таң, мен де аң-таң» дегендей, мұндайдың болатынын бірінші рет біліп, біз де қатты қайран қалып отырмыз.

Құрыш НҰРЫМБЕТ.

http://www.egemen.kz