АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

ЖОЛ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ДАЙЫНДЫҒЫ ТЕКСЕРІЛДІ

????????????????????????????????????

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары С.Қаныбеков пен облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник Б.Сопбеков бастаған жұмыс тобы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында және Шымкент қаласының жолдарын 2015-2016 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңдерде күтіп ұстау жұмыстарымен айналысатын мекемелердің дайындық жұмыстарымен танысты. Оңтүстік Қазақстан облысында республикалық маңызы бар автомобиль жол ұзындығы 786 шақырымды құрайды. Оның 636 шақырымын «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ОҚОФ, 182 шақырымын «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік көлік дәлізі жобасы бойынша құрылыс жұмыстарын атқарып жатқан «Дена Рахсаз/Саргин», «Корпорация Синохайдро», «Тодини/Импреджило/Аккорд» және «АКМ – Планум» мердігер мекемелері 2015 – 2016 жылға қыс мезгілінде күтіп ұстау жұмыстарын атқарады. Бүгінде «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ОҚОФ республикалық манызы бар автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстау жұмыстарына қажетті 11450 м3 инертті материалдар, 250 т тұз дайындалған. Арнайы жол техникаларының саны 59 бірлік. Қосымша аталған мекеме «Шымкентдорстрой» ЖШС, «Ақ жол» ЖШС, «Наурыз-25» ЖШС мердігер мекемелерімен келісім – шартқа отырған. Шымкент қаласындағы 156 көше 16 бағыт бойынша қардан тазартылады. Аталған жұмыстарды «ЛТД-Тұрмыс» ЖШС, «Байтерек-Л.Б» ЖШС және «Югдорстрой» ЖШС атқарады. Бүгінгі таңда қала бойынша 84 арнайы қар күреу және құм себу техникасы әзірлікте тұр. Сонымен қатар, қар күреу жұмыстары барысында 12 бортты техника мен 2 грейдер де пайдаланылатын болады. Инертті материалдардың жалпы қоры: 20000 м3 құм, 3000 т тұз.

ОҚО ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы