АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Жолыңыз болмай кетті ме?[:]

[:kz]

human-psychology1. Ішкі жан дүниенің қиналуы, жанға батуы адамның бір орнында тұрмай, өскенін білдіреді.

Кейде өмірде жолың жабылғандай күйде боласың. Неліктен? Себебі әрі қарай жылжу керек. Бұл, бір жағынан жақсы. Себебі, біз көбінесе жағдайға байланысты ғана қозғаламыз. Сондықтан өмірдің мәжбүрлегенін дұрыс деп қабылдаған жөн. Ауыр күндер туғанда, ешқандай «күйзелістің» мақсатсыз болмайтынын есте сақтаңыз. Нақты не жаныңызға батады, соған байланысты алға жылжыңыз. Бір орында тұрмаңыз. Сіздің күрескеніңіз сәтсіздікке душар болдыңыз дегенді бідірмейді. Үлкен жетістіктің өзі салиқалы күрестің болуын талап етеді. Бәріне төзімді, өзіңізді сенімді қалпыңыздан таймаңыз. Барлығына уақыт керек. Бәрі реттелер: бір сәтте болмаса да, біраз уақыттан кейін бәрінің өз орнына келері сөзсіз.  Жанның екі жағдайда ауыратынын ескеріңіз: жаныңызды біреу жаралағанда және жаныңыз өсуді талап еткенде. Қайткенмен де, бұлай болуы керек болғанын ұмытпаған абзал. Сондықтан қарсыласудың орнына, көмек тигізуіне мүмкіндік беріңіз.

 

2. Бәрі өткінші.

Жауын жауған кезде, оның аяқталатынын білесіз ғой. Сол сияқты жаныңыздағы жараның да емделетін күні туар. Түннен кейін күн шығады. Сол сияқты бәрі де уақытша, бәрі де өткінші.  Дәл қазір жолыңыз болмай жатса, бұл жағдай өзгеретініне сеніңіз. Әр сәт сізге өз мүмкіндігімен келеді. Сондықтан өмірде бәрі өткінші екенін есте сақтай отырып, жаңа өмірді қабылдауға дайындалыңыз.

 

3. Уайым ештеңені өзгертпейді.

Өмірге наразы адамдар көп жетістікке жете бермейді. Үлкен сәтсіздікке жолықсаңыз да, еңсеңізді түсірмеңіз. Ең бастысы – өмірден түңіліп, айналаға шағымдануды қойыңыз. Аузыңыздан шыққан әрбір сөз бен ниетіңіз сіздің алдағы өміріңізді айқындайтын факторлардың бірі екенін де ұмыпағайсыз.

 

4. Өмірдің сізге берген сабақтары – сіздің күш-жігеріңіздің белгісі

Өмірде сіздің басыңыздан өткен жағдайлар мен сынақтардан ұялмаңыз. Оның бәрі сіздің күш-жігеріңізді, қиыншылыққа төтеп бере алатындығыңызды көрсетеді. Адам сондай өмірдің ауыр жағдайларынан кейін, тәжірибелі әрі дана бола бастайды. Көп нәрсеге басқа көзқараспен қарайды. Одан да өзіңізді бағалай түсіп: «Мен бұны істедім! Қолымнан келді! Істей алатынымды дәлелдедім» дегендей өзіңізді одан әрі қамшылай түсуге көмектесіңіз.

 

5. Кішкене күрестің өзі – алға ұмтылыс

Өмірде төзім деген ол күту емес. Төзім – жақсы көңіл-күйді сақтай отырып, өз мақсатыңа қарай аяқ басу. Сондықтан, егер бірдеңеге қол жеткізем десеңіз, соңына дейін барыңыз. Әйтпесе, бастаудың да қажеті жоқ.  Мүмкін біраз уақытқа өміріңіздегі тұрақтылық пен ыңғайлы жай-күйіңізден айрылатын шығарсыз. Өзіңіздің жақсы көретін тағамдарыңызды жей алмай, бірнеше апта қатарынан дұрыс ұйқы көрмеуіңіз мүмкін. Бұл сіздің үйреншікті жағдайыңызды өзгеруі болуы да мүмкін. Өзіңіз үйреніп қалған дүниелерден мәжбүрлі түрде бас тарту болуы да ғажап емес. Сыртыңыздан да, бетіңізге де елдер күліп, мазақ етуі де ықтимал. Жалғыздыққа да ұрынуға тура келетін сәттер болады. Осының бәрі – сіздің төзіміңіз бен қайсарлығыңызға берілетін үлкен сынақ. Шынымен мақсатқа жеткіңіз келе ме, мойныңызбен көтеріңіз, жауапкершілік алыңыз, күресіңіз. Өзгенің пікірі туралы емес, өзіңіз туралы ойланыңыз. Өзіңіздің арманыңызға сенсеңіз, сол үшін күресе біліңіз. Ниет болған жерде, адам ештеңеге қарамастан, күресе біледі. Алға жылжыған сайын сіз қанағаттана бастайсыз. Күрестің кедергі емес, күрестің өмір екенін түсінесіз.

 

6. Басқа адамдардың теріс пікірі сіздің проблемаңыз емес

Айналаңыз теріс пікірін жаудырғанда да, өзіңізге деген сеніміңізді жоғалпаңыз. Сізді құлатуға тырысса да, күліп жүріңіз. Бұл – өзіңізді қолдаудың ең жеңіл түрі. Басқалар сізді жамандаса да, өзіңізді «сатпаңыз», өз-өзіңізбен болыңыз. Біреудің сөзі сіздің пікіріңізді өзгертпеуі тиіс. Ешкімнің де сөзін жүрегіңізге жақын қабылдамаңыз. Адамдар сіз үшін бірдеңе істейді деп ойламаңыз. Олар бәрін де өздері үшін істейді. Ең бастысы, сізді онша жақтырмайтын адамдарға ұнауға тырыспаңыз. Әркімнің өз пікірі өзіне. Бір жағдайда ғана өзгеруге болады: егер сол сөздер сізді алға жетелесе немесе жақсы жаққа қарай өзгертуге септігін тигізсе. Өзгенің пікірінен гөрі, өзіңіздің жүрек қалауыңызды көбірек тыңдаңыз. Адам мүмкін емес нәрсеге қол жеткізгеннен және алдағы кедергілерден өткен кезде ғана, күш-қуаты арта түседі.

 

7. Болуы тиіс нәрсе бәрібір болады

Айқай-шу мен шағымданудан бас тартып, күліп-ойнап, өз өміріңізді бағалай бастаған кезде сізде күш-қайрат пайда болады. Әрбір сынақтан сабақ алуға болады. Оны өзіңнің пайдаңа асырып, жақсы жағын көре білу керек. Сіз жағдайды өз ыңғайыңызға байланысты болуын қолдан жасай алмайсыз. Сіз тек тырыса аласыз.  Белгілі бір жағдайда сіз жағдайда босатып жіберіп, болуы тиіс нәрсеге жол ашады. Өз өмірңізді сүйіңіз! Жүрегіңізге сеніңіз! Әр нәрседен бақыт көзін таба біліңіз! Алаңдап-уайымдауды қойып, миыңызды ашытып, күмәнданғанды тоқтатыңыз. Ойнап-күліңіз, өмірдің әр сәтінен ләззат алыңыз.

 

8. Алға жылжуды бәр сәтке де тоқтатпаңыз

Ашуланғаннан қорықпаңыз. Қайта ғашық болудан да бас тартуға болмайды. Жүрегіңіздегі сызаттың жараға айналуына жол бермеңіз. Күштің күн сайын арта түсетінін ұмытпаңыз. Өзіңіздің қателіктеріңізді мойындап, содан сабақ алуға тырысыңыз. Жүріп өткен жолыңызға қарап, жетістіктеріңізді де ескеруді ұмытпаңыз. Өзіңізді мақтан тұтып үйреніңіз. Өзіңіз қаламасаңыз, ешкім үшін өзгермеңіз. Көп іс тындырыңыз. Қарапайым болыңыз! Ешқашан, ешқашан тоқтамаңыз!

http://anabol.kz/

«8 Things to Remember When Everything Goes Wrong» мақаласының аудармасы

 

 

[:]