Бүгінде көпшілік баласын бесікке бөлеуге құлықсыз. Тіпті дәстүрмен бірге бесік той салты да ұмытылып бара жатыр. Осы орайда қоғамымызда бесіктің пайдасын айтып жақтайтындар да, пайдасынан зияны жоғары екенін айтып даттайтындар да жетерлік. Әйтсе де жұлдыздарымыздың ішінде де әлі күнге баласын бесікке бөлегенді жөн көретіндер бар екен. Жақында ғана өмірге шекесі торсықтай ұл әкелген Баян Нұрмышева да баласын бесікке бөледі.
Ол өзінің инстаграм парақшасында баласының бесігінің суретін салып, «Қайырлы кеш достар! Бүгін әлдиімізді бесікке бөледік. Осы үрдіс сіздерде жалғасуда ма?» деп пікір қалдырыпты. Әншінің пікірінің астына өз пікірлерін білдерген көпшілік те Баянның бұл ісіне өздерінің ризалықтарын білдіріп, баланы бесікке бөлеудің артықшылығын жарыса жазыпты.
Алаш айнасы