АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қазақстан халқының 74,9 пайызы Тоқаевқа сенеді [:]

[:kz]

Респонденттердің 70%-дан астамы Президенттің бастамалары халықтың әл-ауқатын жақсартуға, елді дамытуға қауқарлы деп санайды. Еуразиялық интеграция институты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметіне жұртшылықтың көзқарасын анықтау мақсатында сауалнама жүргізді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Институттың ресми сайтына сілтеме жасай отырып.

  Сауалнама 14 облыстық орталықтар мен ауылдық елді мекендерде, республикалық маңызы бар үш қалада – Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкентте жүргізілді. Сауалнамаға 18 жастан асқан азаматтар қатысты.  Сауалнамаға сәйкес, ел Президентіне тікелей қолдаудың жоғары деңгейі байқалады. Тоқаев Қ.Қ.-ны Мемлекет басшысы ретінде халықтың 70,3% қолдайды. 

Қоғамда Қазақстан Республикасы Президентіне деген сенімділік деңгейі жоғары — 74,9%.  Респонденттердің 70%-дан астамы Президенттің бастамалары халықтың әл-ауқатын жақсартуға, елді дамытуға қауқарлы деп санайды. Олардың пікірінше, ҚР Президентінің «Жердің шетелдіктерге сатылмайтыны туралы мәлімдемесі», «Адамдарға, әсіресе балаларға қарсы ауыр қылмыстарға берілетін жазаны күшейту», «Көп балалы және табысы аз отбасыларға жалдамалы баспана беру», «Несие рақымшылығы», «Қазақстанның стратегиялық әріптестермен және халықаралық ұйымдармен белсене ынтымақтастық етуі» секілді шаралары маңызды.

Сауалнамаға қатысушылар Президент пен Үкіметтің жалақы, зейнетақы мөлшерін, жалпы елдің әл-ауқатын көтеретініне, баспананы қолжетімді ететініне, сыбайлас жемқорлықты жойып, медициналық қызмет пен білім беру сапасын арттыратынына үміт білдірді.

«Қамшы» сілтейді

qamshy.kz

 

 

[:]