[:kz]
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мұзафар Әлімбаевтыӊ қайтыс болуына байланысты туған-туысқандары мен жақындарына көӊіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысы көрнекті ақын, Ұлы Отан соғысыныӊ ардагері Мұзафар Әлімбаевтыӊ дүниеден өткені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.
Жеделхатта Мұзафар Әлімбаевтыӊ қазақ әдебиетін дамытуға және Қазақстанныӊ өскелеӊ ұрпағын тәрбиелеуге баға жетпес үлес қосқаны атап өтілген.
«Кеӊестік кезеӊде ол қазақ әдебиетініӊ алыптарымен қанаттаса жүріп, Отан игілігі жолында жемісті еӊбек етті. Көптеген жыр жинақтары мен ән мәтіндерініӊ авторы атанды. Ол отыз жылға жуық балалардыӊ сүйікті «Балдырған» журналыныӊ редакторы болып, ана тіліміздіӊ дамуына және бүлдіршіндеріміздіӊ дұрыс тәлім-тәрбие алуына лайықты үлес қосты. Қалыӊ жұртшылық үшін оныӊ халқымыздыӊ мақал-мәтелдерін жинақтап, зерттеудегі еӊбегініӊ маӊызы зор. Сондай-ақ, ол жұрт әрдайым айтып жүретін көптеген қанатты сөздер мен сөз тіркестерін өмірге әкелді.
Мұзафар Әлімбаевтыӊ есімі мен еӊбегін халқымыз әрдайым жадында сақтайды деп сенемін», — делінген жеделхатта.
kt.kz
[:]