[:kz]Қазақстан Ресейге қатысты қарардан қалыс қалды[:]

[:kz]

 

БҰҰ Бас ассамблеясы Ресейдің Украинадағы басқыншылығын тоқтатып, әскерін шығаруды талап ететін қарар қабылдады деп хабарлады turkystan.kz.

Қарарды 141 мемлекет қолдап, 5 ел қарсы болды. Қазақстан қалыс қалды. Біздің елден басқа 34 мемлекет резолюциядан қалыс қалатындарын мәлімдеді.

Қарарға Ресей, Беларусь, Солтүстік Корея, Сирия және Эритерия қарсы дауыс берді.

Қырғызстан, Тәжікстан, Армения да шешімнен қалыс қалды. Әзербайжан, Түркіменстан, Өзбекстан делегациясы дауыс бермеді.

Украина Президенті Владимир Зеленский БҰҰ қарарына дауыс берген елдерге алғыс айтты.

«Сіздер тарихтың дұрыс жағын таңдадыңыздар», – деді ол Twitter желісінде.

[:]