[:kz]Қазақстан «Росатоммен» АЭС салу бойынша келіссөздер жүргізуде[:]

[:kz]

 

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы, «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов Қазақстан «Росатоммен» атом электр станциясын салу бойынша келіссөздер жүргізіп жатқанын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Біз күн мен жел энергиясына инвестиция тартуымыз керек, бірақ бұл көмірге деген тәуелділікті толығымен алмастыра алмайды. Кей жерлерде газ қажет болады, сондай сәттерде біз «Газпроммен» ынтымақтасамыз, бірақ қалай дегенде де Қазақстанға атом электр станциясын салуға тура келеді. Біз қазірдің өзінде, соның ішінде «Росатоммен» де келіссөздер жүргізіп жатырмыз», — деді Келімбетов «Коммерсант» газетіне берген сұхбатында.

Оның сөзінше, Қазақстан өзіне 2060 жылға қарай көмірден мүлдем бас тарту міндетін алған. Ал қазір Қазақстанда көмірдің көмегімен жұмыс істейтін энергия 70 пайызды құрайды.

[:]