[:kz]
АҚШ-тың Орегано штатына қарасты Юджин қаласында жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты өтуде. Бүгін 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден финалдық бәсеке өтіп, Қазақстан намысын қорғаған кениялық легионер Нора Джеруто мәреге бірінші болып келді. Осылайша, елімізге алғаш рет жеңіл атлетикадан әлем чемпионатының «алтыны» бұйырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Ақтық сында Нора Джеруто мәре сызығын 8:53.02 аралығында кесіп өткен. Осылайша, ол жеңіл атлетикадан әлем чемпионы атанып отыр. Екінші орын эфиопиялық желеаяқ Веркуха Гетачьюге (8:54.61), үшінші орын оның отандасы Мекидес Абебене (8:56.08) бұйырды.
[:]