АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қазақстанда біліктілік тесті кезінде шпаргалка пайдаланған ұстаздар ұятқа қалды[:]

[:kz]

Жамбыл облысында үш мыңнан астам педагог біліктілік тестінен өте алмады. Сынаққа бас-аяғы 4528 мұғалім қатысыпты. Кейбір мұғалімдер тіпті ұятқа қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның «Информбюро»  жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

1410 маман шекті деңгейден асатын балл жинаса, қалған 3118 — і білімдерін дәлелдей алмапты.

Кейбір мұғалімдер тіпті ұятқа қалған. Олар тестілеу кезінде үлгерімі төмен оқушылар секілді шпаргалка пайдаланбақшы болыпты. Бірақ ұстаздардың мұндай қулығы іске аспай, бақылаушыларға ұсталып қалған. Сөйтіп, 38 педагог сынақтан шығарылып, 12-іне ескерту, 11-іне сөгіс және 1 мұғалімге қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылыпты.

[:]