[:kz]
Дәрігерлері жаппай коронавирус жұқтырып, үлкен дау туған Алматыдағы №12 орталық клиникалық аурухана қызметкерлерінің барлығына бірдей президенттің тағайындаған 2 миллион теңгесі төленбеуі мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «КТК» арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Өйткені, елімізде дәрігерлер арасында Covid-19-ды сырттан жұқтырғандар көп.
Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова 820 медициналық қызметкердің 66 пайызы ауруды науқастарға күтім жасап, оларды емдеу барысында жұқтырмағандарын жазды.
Олардың көбі — Алматыдағы қалалық орталық клиникалық ауруханада істейтін қызметкерлер. Қазір осы мекемеде індетке шалдыққан сала мамандарының жағдайымен денсаулық сақтау министрлігімен қоса бас прокуратура танысып жатыр. Оларға қызметін барысында жұқтырмады деп, 2 млн теңге үстемақыны төлемеуі мүмкін.
«Ауру, науқас адамдардың жанында жүріп, сол кісілерді емдеп, ауруды жұқтырп алған дәрігерлер ғана алады. Ал сыртта, ауруханада немесе басқа бір жерлерде вирус жұқтырып алған дәрігерлер бұл тізімге кірмейді. Олар 2 млн теңге алмайды. Біз білеміз ғой, қай дәрігер, қай медбике қай жерде жұмыс істейтінін. Егер, мен айтап өткен инфекциялық провизорлық стационарда тұрса, ол кісілер автоматты түрде тізімге ілінеді», — деді денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.
Ал денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова әлеуметтік желідегі парақшасында медициналық қызметкерлердің барлығы скрингтік тексеруден өткізілетінін мәлімдеді. 2 аптада сала қызметкерлерінің 70 пайызы тексеріліпті.
Айта кетейік, бүгінде Ақтөбе облысынан өзге республиканың барлық өңірінде медицина қызметкерлері коронавирус жұқтырған.
[:]