АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]Қазақстанда тағы бір университет бас лицензиясынан айырылды[:]

[:kz]

Алматы қаласындағы шет тілдер және іскерлік карьера университеті бас лицензиясынан айырылды. Бұл туралы білім және ғылым министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұған дейін білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орны бас лицензиясынан айыру алдында тұрғаны туралы хабарлаған болатын. Қайта тексеру қорытындысы бойынша тексеру парағының 46 тармағынан 39 тармағы бойынша бұзушылықтар анықталды.

Университетке сәйкессіздіктерді жоюға уақыт берілді. Алайда жоғары оқу орны берілген уақытты білім беру қызметтерінің сапасын жақсарту үшін қажетті жұмысты жүргізу мәселесіне емес, сот талқылауына және БҒМ комитетінің іс-әрекеттеріне шағымдануға жұмсады.

Нәтижесінде Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен ЖОО бас лицензиясынан айырылды.

Сондай-ақ сот шешімімен жоғары оқу орыны нұсқаманы орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Біз жоғары оқу орындарына бұзушылықтарды жоюға уақыт береміз, алайда олар кемшіліктермен жұмыс жүргізбейді. Осыған байланысты кейінірек қатаң шаралар қолдануға тура келеді. Университеттердің оқу жағдайларын, білім беру бағдарламаларын және тұтастай алғанда, студенттерді белгілі бір мамандықтарға оқытуға деген көзқарасын жақсартуы үшін бұл өте маңызды. Әйтпесе, жоғары оқу орындары сапалы білім емес, тек дипломдар беретін болады. Мысалы, Шет тілдер және іскерлік карьера университетінде білім беру сапасын қамтамасыз етудің ішкі жүйесі қалыптаспаған. Білім беру бағдарламаларын, жеке оқу жоспарларын талдау белгілі бір пәндер бойынша кредиттерді игеруде үлкен айырмашылықтарды көрсетті. Тиісінше, білім алушылар пәндерді толық көлемде меңгермейді. Оқыту нәтижелері бойынша студенттердің 90%-ы шекті деңгейден өте алмады», – деп атап өтті білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова.

Заңнамаға сәйкес, лицензиядан айырылған жағдайда білім алушылар семестрдің аяқталуын күтпей-ақ басқа университеттерге ауыса алады.

[:]