АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қазақстанда заңсыз лотерея жарнамасы үшін айыппұл салынатын болды[:]

[:kz]

ҚР Парламент сенатының отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы мақұлданды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың сөзінше, жаңа заңға сәйкес, лотерея операторы болып саналмайтын тұлғаның лотерея ойындарын жүргізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады екен. Атап айтсақ, жеке тұлғаларға — жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шағын бизнес немесе коммерциялық емес ұйымдар үшін — үш жүз, орта бизнес үшін — бес жүз, ірі бизнес үшін бір мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл тағайындау туралы қарастырылыпты. 

«Бір жыл ішінде қайталанып жасалған заңсыз іс-әрекеттер үшін жеке тұлғаларға екі жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға — жеті жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір мың, ірі бизнес үшін екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынып, әкімшілік құқық бұзушылықтың табыстары тәркіленеді», — дейді шенеунік.  

Бұған қоса Ақтоты Райымқұлова лотерея операторымен немесе таратушыларымен (агенттерімен) лотерея операторымен құрылған комиссиялық келісімшарт аясында орналастырылған жарнамадан бөлек лотерея жарнамасына тыйым салынатынын ескертті. 

[:]