АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қазақстанда жаңа қала пайда болды[:]

[:kz]

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысы Қостанай ауданының Затобол кентін аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызу және оны қайта атау туралы жарлыққа қол қойды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 
 
Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Қостанай облысы Қостанай ауданының Затобол кентін аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызу және оны қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының  9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

 

Қостанай облысы Қостанай ауданының Затобол кенті аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызылсын.

  1. Затобол кенті Тобыл қаласы болып қайта аталсын.
  2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

              Президенті                                                           Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 2 қаңтар

№ 235

Осыған дейін, 30 желтоқсан күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру саласына, теміржол көлігі мен газбен қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты бірқатар заңдарға қол қойды.

 
 

[:]