АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қазақстандық бала ойын кезінде Криштиану Роналдаға жүгіріп барып, онымен суретке түсті[:]

[:kz]

14 жастағы ақтаулық бала Сингапурде болған «Ювентус» — «Тоттенхэм» футбол  ойыны кезінде Криштиану Роналдумен суретке түсу үшін алаңға жүгіріп барды. Баланы әкесі 21 шілдеде туған күніне орай сыйлық жасап, футбол көруге әкелген деп хабаралйды Stan.kz ақпарат агенттігі Тengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ахмади Ержанов португалиялық футболшы Криштиану Роналдудың жанкүйері екен. Әкесі баланың туған күніне сыйлық жасамақшы болған. Сөйтіп оны  «Ювентус» футбол лагеріне жібермекші болыпты. Алайда, реті келмей қалған. Содан кейін Сингапурде болатын «Ювентус» — «Тоттенхем» ойындарына билет сатып алыпты. 

 

Әкесінің айтуынша, бала қатты қуанғаны соншалық ойынды тұрып тамашалаған. 

«Роналду доп теуіп ары-бері жүгірген сайын, балам одан көзін алмай қарап отырды. Ол бізден 20 метрге ұзақта еді. Сол кезде балама барып кумирімен суретке түсуін айттым. Бірақ ол алаңға баруға қорқып отырды. Өйткені күзетшілер көп еді. Бірақ балама қазір суретке түспесе, кейін өкініп қалатынын айттым. Сол кезде балам орнынан тұрып, алаңға қарай жүгіріп кетті», – дейді әкесі Болатбек Әбілқайыров.

Баланың Роналдоның қасына жүгіріп барған сәтін шетелдік телеарналар түсіріп алған. Бірақ осыдан кейін баланы жергілікті полициялар алып кетіпті. Кейін әкесінің сөйлескенінен соң баланы қайта жіберген. 

«Бізді Сингапур полициясы тағы шақырыпты. Қазір сол жаққа бара жатырмыз. Жағдайды шешу үшін елшіліктен адамдар келетін болды. Баламның жасаған әрекеті үшін бізге айыппұл салуы мүмкін екен. Бірақ қандай айыппұл болса да ешқандай өкініш жоқ. Өйткені мен баламның арманын орындадым», – дейді әкесі.  

 Stan.kz 

[:]