[:kz]
ҚБТУ-дың он төрт жастағы студенті Абзал Мырзаш келесі жылы бакалавр дипломын алуға дайындалып жатыр. Ол үшінші курста оқиды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Білім және Ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгінде Абзал «ақпараттық технологиялар» бағыты бойынша оқып жатыр. Бірақ орта мектепті бітіргеннен кейін Массачусетс технологиялық институтында магистратураға түсуді жоспарлайды екен. Талантты бала өз мамандығымен қоса басқа салаларды да оқып жүр.
«Соңғы уақытта дүниежүзі бойынша тоғыз жасар бельгиялық Лоран Симонның бойындағы қасиеттері туралы айтылып жүр. «Электротехника» мамандығын меңгеріп жүрген жас талант өз білімімен көпшілікті таңдай қақтырады. Біздің елімізде де дарынды балалар көп. Соның бірі Абзал да ғылымда өз жолын қалдыратын бала деп сенеміз», — делінген хабарламада.
[:]